Қайырымдылық жәрмеңке өтті

28-29 мамыр мен 3-4 маусым күндері  ҚМДБ-ның Зекет корпаративтік қоры  мен Қарағанды облыстық орталық мешітінің ұйымдастыруымен қайырымдылық жәрмеңкесі болып өтті. Алғаш рет өткізіліп отырған жәрмеңке мақсаты  көп балалы отбасылар мен жағдайы төмен жандарға көмектесу еді. Жәрмеңкеде қолжетімді бағада мұсылман жамағатына бағытталған киім-кешек пен қолөнер және зергерлік бұйымдар, ұлттық тағамдар, омарта өнімдері мен қына бояуы арқылы сурет салу өнері ұсынылды. Киіз үй тігіліп, ұлттық ойын түрлері де ұйымдастырылды. Жеңімпаздарға жүлделер табысталды.

Биыл бірінші рет өткізіліп отырған  жәрмеңке 1 маусым – балалар күні мекересіне орай ұйымдастырылған. Жәрмеңкеден түскен қаражат қасиетті Рамазан айы қарсаңында тұрмыс жағдайы төмен жандар мен жетім балаларға үлестірілмек. Ұйымдастырушылар жиылған жұртшылыққа игі шараның жыл сайын жалғасын табатынын айтты.

© 2009-2021, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін