Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде Ораза Айт намазы оқылды

   Бүгін ҚМДБ-ның Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде  мұсылман қауымының ұлық мерекелерінің бірі – Ораза айт мейрамы аталып өтті. 

Таңғы сағат 06:45- те мешіт ауласында айт намазы оқылып, ұлық мереке құлшылықпен бастау алды.

Ұлық мейрамда ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Естай Айтуғанұлы  жамағатты Ораза айт мерекесімен құттықтады. Айт мерекесінің қадір-қасиетін ашықтап, бүгінгі күнді берекелі, сауапты өткізуге шақырды. 

Жамағатқа айт құтпасы жеткізілді. Намаз соңында барша жамағат ел мен жердің амандығын тілесіп, дұға жасады.

Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін