Қадір түні Бас имам БАҚ өкілдеріне сұхбат берді

   ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Естай Айтуғанұлы  мың айдан да қайырлы қадір түнінен хабар алу мақсатында «Әнет баба» мешітіне келген БАҚ өкілдеріне сұхбат беріп,қалың  бұқараны қадір түнімен құттықтады. 

Атап айтқанда, өңірдің тынысынан хабар беріп жүрген жергілікті «Сарыарқа», «5 арна», «Бірінші Қарағанды» телеарналары мен «Орталық Қазақстан» газеті және облыстық әкімдік сайтының тілшілері жергілікті жамағаттан да сұхбат алып, қасиетті түннің қадір қасиеті жайлы арнайы репортаж дайындады. 

Қарағанды  облысы бойынша баспасөз қызметі

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін