«Әнет баба» мешітінде алғашқы тарауық намазы оқылды

    Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде биылғы Рамазан айының алғашқы тарауық намазы оқылды.

Алла үйіне жиналған дүйім жұртты ҚМДБ -ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Естай Айтуғанұлы қасиетті айдың келуімен құттықтап, Алла Тағаладан елдің амандығы мен берекесін тіледі. Айлардың сұлтаны болған Рамазанның қадір-қасиетіне тоқталып, мүбәрак мерзімді ізгі амалдармен көркемдеуге шақырды.

Сондай-ақ, Бас имам облыстық мешітте Құран хатым етіп, тарауық намазын өткізетін қариларды жамағатқа таныстырды. 

Айта кетейік, облысқа қарасты барлық мешіттерде бүгіннен бастап ауызашарлар беріле бастайды және тарауық намазы жалғасады.

Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін