Облыстық «Әнет баба» мешіті Наурыз мерекесін атап өтті

Наурыз мерекесінің құрметіне орай, ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің ұйымдастыруымен  «Дін мен дәстүр» аясында мешіт ауласына киіз үй тігіліп, Әз-Наурыз мерекесі аталып өтті.    

Мерекелі шараны Қарағанды облысының бас имамы ашып, дүйім жұртты әз-Наурыз мерекесімен құттықтап, ізгі лебізін білдірді. 

Шараға  қаланың зиялы қауымы, өзге дін өкілдері  мен мешіт жамағаты қатысып, ұлттық мерекенің құрметіне дайындалған дастарханнан дәм татты. Берекелі отырыс барысында рамазан айының құрметіне орай жас жеткіншектер жарапазан айтты.

Одан кейін, мешіт ауласында  ұлттық ойындар ойынатылып, оза шапқандарға сыйлықтар берілді.  Ел тыныштығы мен бірлігі үшін дұға оқылып, бата жасалды.

Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін