Абай ауданының жаңа әкімі аймақтық мешітті зиярат етті

    Күні кеше Қарағанды облысына қарасты Абай ауданының әкімі болып тағайындалған  Сәбит Тімішұлы Оспанов аудандық мешітке ат басын бұрып, аймақтың діни ахуалынан хабар алды.

Келелі кездесуде аудан имамы қызметіне жаңадан тағайындалған аймақ басшысының жаңа қызметіне  сәттілік пен толағай табыс тіледі. Сонымен қатар, осы жылы атқарылатын негізгі бағыттар мен алдағы жоспарлар жайында баяндап,  мешіттің тыныс-тіршілігімен таныстырды. 

Кездесу барысында аудан әкімі мешіт жанындағы асхананың жұмыс барысымен  және бой көтеріп  жатқан мәйітхананың құрылыс жұмыстарымен танысты. 

Кездесу барысында  мешіттің қажетті құралдармен жабдықталуы туралы мәселелер қаралып, аудан басшысы әкімшілік тарапынан көмек қолын созатынын айтып өтті.  

Аудан имамы дінімізге деген жанашырлығы үшін аудан әкіміне алғысын білдіріп, діни басқарманың «Мүфтият» баспасынан жарыққа шыққан «Ихсан – рухани тәрбие негізі» кітабын хадия етті. 

Өз кезегінде Абай ауданының діни ахуалынан хабар алған Сәбит Тімішұлы аймақ имамы Асхат Қанайұлына  өңірдегі діни  ахуалдың өркендеуіне әрқашан қолдау білдіретінін тілге тиек етіп,  бірге қызмет атқаруға әзір екенін жеткізді.

 

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін