Әл-Машани мешіті жамағатымен келелі кездесу болып өтті

   Қарағанды қалалық әл-Машани мешітінің имамы Сайлау Жұмағұлұлы ақсақалдар алқасының мүшелерімен және мешіт жамағатымен келелі кездесу өткізді.

Берекелі отырыс барысында  2023- жылға жаңа жобалар жүйеленіп,  тың мақсаттар алға қойылды. Атап айтқанда, мешіттің ішкі-сыртқы жұмыстары мен құлшылық  үйіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу  мәселелері талқыға салынды. Келелі кездесуде мешіт ақсақалдары мен жамағатының құрметіне дастархан жайылып, Құран оқылды. Отырыс барысында қызметке жаңадан тағайындалған мешіт имамы Сайлау Жұмағұлұлының тың жобаларына  ақ сақалды қариялар ақ батасын беріп, мешіт жамағаты ризашылығын білдірді.

 

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін