«Тегін такси» қайырымдылық акциясы Абай ауданында жалғасты

   ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Әбдіғали Естай Айтуғанұлының бастамасымен Қарағанды облысына қарасты мешіттерде ұйымдастырылып жатқан «Тегін такси» қайырымдылық акциясы аудан имамы Асхат Қанайұлының ұйымдастыруымен Абай ауданында жалғасты.

Қала тұрғындарына жәрдем беру мақсатында ұйымдастырылған шара барысында аялдамада ұзақ тұрып, қоғамдық көлік күткен жаяу жүргіншілерге ыстық шай үлестіріліп, қала тұрғындары діттеген жерлеріне тегін жеткізілді. Игі шара барысында аудандық мешіттің ұйымдастыруымен қоғамдық көлік жүргіншілеріне де көмек көрсетіліп, қала тұрғындарына «Тегін автобус» қызмет көрсетті. 

Қайырымдылық шарасына Абай аудандық орталық мешітінің имамы Асхан Қанайұлы бастаған дін қызметкерлері мен мешіт жамағаты ат салысты.

Қала тұрғындарына қол ұшын беріп, демеу көрсету мақсатында Абай аудандық мешітінің ұйымдастыруымен өткен акцияға қала тұрғындары алғыстарын айтып, ризашылықтарын білдірді.


ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін