СТУДЕНТТЕРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

   Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің ұстазы әрі «Жастар ісі» секторының Қарағанды облысы бойынша жауапты өкілі Қасым Махмуд Бекболатұлы «Қарағанды технология және сервис колледжі» білім ғимаратында колледж студенттерімен   «Жастар ел болашағы»   тақырыбында кездесу өткізді.

Келелі кездесу барысында жастарға арналған өзекті мәселелер мен тақырыптар қозғалып, уағыз-насихат айтылды. Әсіресе, қазіргі жастардың тәрбиесіне сабақтас дүниелер қозғалды.  Шара соңында жастардың көкейінде жүрген түрлі сұрақтарға жауап беріліп, пікір алмасу жүргізілді.

 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін