ТОПАРДА «ЖОМАРТ ЖҰМА» ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Естай Айтуғанұлының тапсырмасымен Абай ауданына қарасты Топар кентінде «Жомарт жұма» қайырымдылық шарасы өтті.

Жыл басынан бері Қарағанды облысы бойынша үздіксіз жалғасып келе жатқан игі шара бұл жолы Топар кенті «Жұмабек Тәшен» мешітінің ұйымдастыруымен жүзеге асты.  Аймақ имамы Ақмағанбет Мурсали Қаленұлы әлеуметтік көмекке мұқтаж бес отбасыға азық түлік үлестірді. Сонымен қатар, мешітке келген бір жолаушыға қаржылай көмек көрсетті. 

© 2009-2023, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін