«Мәйітті жуып, кебіндеу» тақырыбында семинар өтті

ҚМДБ-ның Қарағанды облысына қарасты бірнеше мешіттерде әйел – қыздар жамағатына арналған «Мәйітті жуып, кебіндеу» атты семинар өтті.

Өмірден озған адамды соңғы сапарына дұрыс шығарып салу рәсіміне қазақ халқы қатты мән берген. Дегенмен мәйітті жуып, кебіндеу барысында ескерілуі керек жайттарды бірі білсе, бірі білмейді.

Осы орайда «Қамқор-Шарапат» салттық қызмет көрсету орталығының қолдауымен Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің ұстазы Бакирова Арай Серғалиқызы әйел жамағатына  осы тақырыпта семинар өткізді. Мағлұматы мол семинар соңында жиналған қауым көкейінде жүрген сұрақтарына жауап алды. Семинар облыстық «Әнет баба» мешітінде, Теміртау қалалық «Жақып Ақбай» мешітінде, Үштөбе ауылдық «Қажыбай қажы» мешітінде өтті.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін