«ҚАМҚОР-ШАРАПАТ» САЛТТЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРАЛЫҒЫНЫҢ КЕЗЕКТІ СЕМИНАРЫ ӨТТІ

ҚМДБ-ның Қарағанды қалалық «Қазыбек би» мешітінде «Қамқор-Шарапат» ЖШС-ның Қарағанды облысы бойынша жауапты өкілі Бақдәулет Қыдырбайұлының ұйымдастыруымен кезекті семинар-тренинг болып өтті. Шараға Қарағанды облысының бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы, «Қазыбек би» мешітінің имамы Абдрахманов Ысқақ Рахимбекұлы және облысқа қарасты қала, аудан мешіттерінің молдалары мен салттық діни рәсімдерге жауапты дін қызметкерлері қатысты.

Шара барысында ҚМДБ-ның «Қамқор-Шарапат» мекемесінің талаптары мен ережелері ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің пәтулары мен  «Зират және зиярат мәдениеті» атты құжат негізінде жұмыс жасау қажет екендігі айтылды.  Салттық қызмет көрсету орталығының қазіргі уақытқа дейін атқарған қызметі талқыланды. Жаназа және жерлеу рәсімдерін, зират және зиярат мәдениеті мен ас беру әдептерін бір ізділікке түсіру мақсатында ұйымдастырылған семинар барысында қатысушыларға «Жаназа және жерлеу рәсімдері», «Ақыретке иман» атты кітаптар тарту етілді. Сондай-ақ, қатысушылардың тарапынан туындаған сұрақтарға жауаптар берілді. Шара соңында облыс бас имамы бастаған дін қызметкерлері арнайы жайылған ақ дастархан басында бас қосып, Құран оқыды. 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін