ҚАРАҒАНДЫДА «ДІНИ ОҢАЛТУ» БӨЛІМІНІҢ ЖИЫНЫ ӨТТІ

Естеріңізге сала кетсек,  Елордада өткен алқалы жиында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанынан «Діни оңалту» бөлімі ашылған болатын. Сол уақыттан бастап ҚМДБ-ның Қарағанды облысы өкілдігінде аталмыш бөлім бойынша көптеген іс-шаралар мен жобалалр жүзеге асырылды.

Бүгін,  «Діни оңалту» жұмысын одан әрі жандандырып, тың жобаларды жүзеге асыру үшін Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде  облыстық семинар болып өтті. Жиын барысында  облыс бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы: «Діни басқарманың негізгі жұмыс бағыттарының бірі – деструктивті діни ағымның арбауында кеткен азаматтарды оңалту, оларға діни кеңес беріп, түсіндірме, насихат жұмыстарын жүргізу. Бүгінгі жиын бөлімнің жұмысына жаңа серпін береді деген сенімдемін»,-деп атап өтті

Семинарда «Діни оңалту» бөлімінің Қарағанды облысы бойынша жауапты өкілі Асылхан Нұртайұлы семинарға қатысушыларға түзету мекемелерінде жүргізілетін жұмыс түрлері мен діни оңалту бағыты бойынша биыл атқарылған жұмыстарға шолу жасап, бұл бағыттағы жұмыстарды барынша жандандырып, назарда сақтау керектігі жеткізілді. Бірнеше жобалар мен жоспарларды талқыға салды.

 ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін