ҚАРАҒАНДЫДА «МҰСЫЛМАН ӘЙЕЛДІҢ ШАРИҒИ КИІМ ҮЛГІСІ» АТТЫ КЕШ БОЛЫП ӨТТІ

 ҚМДБ-ның Қарағанды облысына қарасты «Әйел-қыздар» секторының ұйымдастыруымен «Мұсылман әйелдің шариғи киім үлгісі» атты рухани кеш өтті. Берекелі шара барысында әйелдер жамағатына уағыз-насихат айтылып, сән көрсетілімі өтті.

Айтулы шара әйелдер жамағатына арналған фуршед столымен басталып, рухани шараға келген қонақтар тәтті дастарханнан дәм татты.  Шараның шымылдығын «Әйел-қыздар»   секторының облыс бойынша жауапты өкілі, әрі Қарағанды қалалық «Әл Машани» және «Бала қажы» мешітінің ұстазы Бақытгүл Айтқалиқызы ашып, берекелі шараға қатысушы ханымдарға сәттілік тіледі. Одан кейін, ортаға тігіншілер мен дизайнерлер таныстырылып, олардың өздерін тарыстыруға дайындалған бейнероликтері экранға ұсынылды. Өз кезегінде ортада киім дизайнерлерінің топтамалары көрсетілді. Атап айтқанда, спорттық киімдер, шариғи мектеп формасы, этно стиль үлгісі, кешкі көйлектер, күнделікті киім үлгілері ортаға ұсынылды. Аталмыш көрсетілім киім үлгісінің шариғат талаптарына сай болуы,    әйел киімдерінің салт-дәстүрімізбен сабақтасуы, заманға сай, ыңғайлы және қазақи нақышта болуы сынды талаптар негізінде жүзеге асты.

Жүз жетпіске жуық қыз-келіншектер жиналған рухани шарада Қарағанды қалалық «Әл-Машани» мешітінің ұстазы Гүлжазира Ақназарова, "Әнет баба" мешітінің ұстазы Арай Серғалиқызы,  «Қазыбек би» мешітінің ұстазы Карина Қайратқызы және Теміртау қалалық «Жақыб Ақбай» мешітінің ұстазы Ақниет Дәуірғалиқызы  жиналған қыз-келіншектерге әсерлі уағыз-насихат айтты.

Қазылар алқасы киім үлгілеріне өзіндік бағасын беріп, туынды авторларына ризашылықтарын білдірді. Шара соңында қатысушыларға облыс бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлының арнайы алғыс хаты беріліп, қатысушылар естелікке фотоға түсті.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін