ЖАҢА ЖЕР ТЕЛІМІ «ҚАМҚОР-ШАРАПАТ» ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ИЕЛІГІНЕ ӨТПЕК

ҚМДБ-ның «Қамқор-Шарапат» салттық қызмет көрсету орталығының Қарағанды облысы бойынша жауапты өкілі Бақдаулет Қыдырбайұлы Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданына арнайы жасалған іс-сапары барысында қала әкімінің орынбасары Есов Нариман Жумакожаевичпен кездесті. Келелі кездесу барысында қаладағы зиратқа арнайы бөлінген жерді  «Қамқор-Шарапат» салттық қызмет көрсету орталығының Қарағанды облысы бойынша филиалына өткізу жайлы келіссөздер жүргізілді. Алдағы уақытта құжаттары рәсімделіп, аймақтағы жаназа және жерлеу рәсімдері  ресіми «Қамқор-Шарапат» орталығының талаптарына және шариғат ережелеріне  сай өткізлетін болады.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін