ШӘКІРТТЕР ХАЙУАНАТТАР БАҒЫН ТАМАШАЛАДЫ

ҚМДБ-ның Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде  бір айға жуық өткен «Имани жаз» атты жасөспірімдер арасындағы жазғы діни сауат ашу курсы өз жұмысын аяқтаған болатын. Жазғы демалыстарын ілім ізденумен өткізіп, теңдессіз сауапқа кенелген жас жеткіншектер бір айлық дәрістің соңғы күнінде қаладағы орталық хайуанаттар бағына барып, жан-жануарларды тамашалап қайтты. Шара  Қарағанды облысына қарасты «Жастар ісі» секторының ұйымдастыруымен жүзеге асты.  

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін