«Имани жаз» сауат ашу дәрісі өз мәресіне жетті

 ҚМДБ-ның Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде мамыр айының  28- мен маусым айының  18-күндері аралығында өткен «Имани жаз» атты жасөспірімдер арасындағы жазғы діни сауат ашу курсы өз жұмысын аяқтады. Курсты тәмамдаған бүлдіршіндерге Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы  арнайы сертификат табыстап,  облыс наиб имамы Құмар Қоныскерей талапты бүлдіршіндерге жылы лебізін білдірді. Жылдағы дәстүр бойынша ұйымдастырылған жазғы оқу лагерінде мектеп жасындағы балаларға ислам  әдебі, иман негіздері, Құран әліппесі секілді пәндер жүргізіліп, исламның алғышарттарын үйретті. Жазғы сауат ашу курсы аясында мешітке келіп, сабақ алған қыз балалар мен ұлдардың жалпы саны 60 –тан асты. Ата аналар разылықтарын білдіріп, мешіт ұжымына алғыстарын білдірді. Марапаттау рәсімінен кейін Қарағанды облыстық «Уақып» қорының атынан балаларға сыйлықтар табысталды.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін