Теміртау орталық мешітінде халал өнімдер көрмесі өтті

Қасиетті жұма күні Әлихан Бөкейхан атындағы Теміртау орталық мешітінде халал өнімдер көрме-жәрмеңкесі болып өтті. Оған «QMDB HALAL» стандарты бойынша сертификатталған кәсіпорындар мен қала тұрғындары және қонақтары қатысты. 
 
Мешітке жиналған жамағат түрлі халал өнім түрлерімен танысып, дәм татты. Жәрмеңкеге «Natige», «Hasset», «Alifood», «Unitea» сияқты кәсіпорындар өз өнімдерін мешітке келуші жамағатқа тегін ұсынды. 
 
Игі шараға мұрындық болып отырған қала бас имамы Естай Айтуғанұлы: «Аталмыш жәрмеңке халал өнімдерді халыққа насихаттау мақсатында ұйымдастырылып отыр. Соңғы кездері елімізден шығып жатқан сапалы халал өнімдерді де біреу білсе, біреу біле бермейді. Бүгін жәрмеңкеге қатысқан қала тұрғындары мешіт ұжымына және де адал жолмен кәсіп қылып, елге қызмет ету арқылы халал индустриясын дамытуға, отандық өнімді танытуға, экономикамызды өркендетуге үлес қосып жүрген кәсіпорындарға алғыстарын білдіріп жатыр», деп атап өтті.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін