«ӘНЕТ БАБА» МЕШІТІНЕ ЖАҢА ҰСТАЗ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітіне      Махмұд Бекболатұлы ұстаз болып тағайындалды. Қасиетті жұма күні Қарағанды облысының наиб имамы Дархан Асылтайұлы аймақ мешітіне жиналған жамағат алдында жаңа ұстазды қызметке қабылдап, халыққа таныстырды. Сонымен қатар, алдағы дін үшін атқарар игі істеріне береке тілеп, ыстық лебізін білдірді.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін