«ӘНЕТ БАБА» МЕШІТІНДЕ ТАРАУЫҚ НАМАЗЫ АЯҚТАЛДЫ

ҚМДБ – ның Қарағанды облысы Әнет баба мешітінде қасиетті Рамазан айынан бір күн бұрын басталған тарауық намазы бүгін аяқталды. Намаздан соң барша жамағат алақан жайып Алла Тағалада ел мен жердің амандығын тілеп дұға етті. 
Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Рамазан айында шынайы сеніммен әрі ықыласпен түнді намаз оқып өткізген адамның бұрынғы күнәлары кешіріледі», – деген (Бүхари, Муслим). Алла Тағала берекелі ай бойы оқыған Қасиетті Құран мен түнгі намаздарды қабыл еткей. 

 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін