Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде Құран хатымы аяқталды (фото)

Жылдағы үрдіс бойынша қасиетті Рамазан айының алғашқы күндерінен бастап Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде күн сайын әйелдер жамағаты арасында Құран хатым етіліп, бүгін толығымен аяқталды. Құрани Кәрімді облыстық мешіттің ұстазы Бакирова Арай Серғалиқызы түсіріп, соңында  бата берді. Рухани шара ҚМДБ ның Қарағанды облысы бойынша «Әйел қыздар» секторының ұйымдастыруымен өтті. Қасиетті Қадір түнінің қарсаңында аяқталған Құран хатымнан соң әйелдер және әжелер жамағаты ұстазғаа өз алғысын айтты.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін