«ӘНЕТ БАБА» МЕШІТІНДЕ ҚҰРАН ЖАРЫСЫ ӨТТІ

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша өкілдігінің және дін жанашырларының ат салысып, демеушілік етуімен облыстық «Әнет баба» мешітінде қасиетті Рамазан айының құрметіне орай 8-12 жас аралығындағы  жеткіншектер арасында Құран жарысы болып өтті. Сайысқа қатысушы бүлдіршіндер Құран Кәрімнің 30-парасы (ер балалар)  және жарты парасы бойынша (қыз балалар) бақ сынасты. 
Сауапты һәм маңызды доданы Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің наиб имамы Мусабеков Нұржігіт Оразалыұлы жүргізді. Асыл дініміздің қайталанбас құндылығы, тірегі болған, екі дүние бақытына жеткізер Алланың хақ үкімі және сөзі Құран екені баршамызға аян. Ардақты елші Пайғамбарымыз (с.а.с), «Сендердің ең жақсыларың, Құранды үйреніп оны өзгелерге үйреткендерің»- деген. Шара барысында Қарағанды облысының бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы жеткіншектерге Өзінің ыстық лебізін білдіріп, сәттілік тіледі. Өз  кезегінде әділқазылар алқасы сайысқа қатысушы шәкірттерге Құран Кәрімді өз ережесіне сай тәжуидпен оқуға қатысты  жарыс ережелерімен таныстырып өтті.
Баға беру барысында үміткердің барлық қырына: оқу мәнерінен бастап, дыбыстарды шығаруы мен тәжуид ережелерін сақтауына аса мән берілді. 
Сайыс шарты бойынша үміткерлердің тәжуиді мен махраджына, оқу мәнеріне мән беріліп, нәтижесінде:
Ер балаллар арасында Құранның 30- парасын жатқа оқу бойынша:
І-орынды -   Мулаев Саидмухаммад
ІІ орынды-Тұрдымұхаммед Мұхаммед
 ІІІ орынды- Бурханов Ахмад иеленді.
Қыз балалар арасында Құранның жарты парасын жатқа оқу бойынша
І-орынды – Ахметова Аиша Имранкызы 
ІІ-орынды – Баймырза Аиша Маргуланкызы
ІІІ-орынды – Ергожина Арна Алтайкызы қанжығасына байлады. 
Жүлделі  І орынға  йе болғандарға велоципед және  барлық қатысушыларға да естеліккке сыйлдықтар үлестірілді. Алла Тағала қасиетті Құранды кітап күйінде ғана емес адамдар арқылы, осындай қариларымыз арқылы  сақтап отырады. Сондықтан, бәйгені ұйымдастыру да  Алла жолындағы мәртебелі қызмет.

 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін