ШАҺАРДЫ ҚАРДАН ТАЗАЛАУШЫЛАРҒА ЫСТЫҚ АС БЕРІЛДІ

Қарағанды облыстық «Зекет және қайырымдылық қоры» кезекті қайырымдылық шарасын жүзеге асырды. Бұл жолы қыстың аязды күні Қарағанды шаһарындағы көшені қардан тазалаушы мамандарға ыстық ас берілді.  Игі шараға  «Зекет және қайырымдылық қорының» облыс бойынша жауапты өкілі Мұхит Джаримбетов бастаған дін қызметкерлері  қатысты.  Қайырымдылық акциясы жергілікті кәсіпкерлердің демеушілік етуімен жүзеге асты. 
ihsan.kz

 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін