Патрульдік полиция қызметкеріне ыстық ас үлестірілді (фото)

Қарағанды облыстық «Зекет және қайырымдылық қоры» елдің тыныштығы мен тұтастығы үшін тынбай қызмет етіп жатқан мамандарға кезекті қолдауын көрсетіп, қайырымдылық акциясын жүзеге асырды. Бұл жолы шаһардағы  патрульдік полиция қызметкеріне ыстық ас берілді.  Игі шараға  «Зекет және қайырымдылық қорының» облыс бойынша жауапты өкілі Мұхит Джаримбетов бастаған дін қызметкерлері  қатысты.  Қайырымдылық акциясы жергілікті кәсіпкерлердің демеушілік етуімен жүзеге асты. 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін