ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫЛАРЫ БАС МҮФТИДІҢ АЛҒЫС ХАТЫМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейтойына орай ҚМДБ-ның Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің бөлім басшылары Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазреттің  арнайы алғыс хатымен марапатталды.

Арнайы алғыс хатты дін қызметкерлеріне ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы табыстап, бір жыл бойы жақсы жұмыс нәтижесін көрсеткен барша дін қызметкерлеріне алғысын жеткізді.
Атап айтқанда, «Бақылау-басқару» бөлімі, «Діни оңалту», «Оқу ағарту, «Халал Даму ЖШС», «Зекет және қайырымдылық», «Ақпарат және қоғаммен байланыс», «Мешіт істері» бөлімі, «Жастар ісі», «Уағыз-насихат», ЖАНТ, «Ихсан-рухани тәрбие» бағыты, «Әйел-қыздар» секторы және ел игілігі үшін қызмет етіп жатқан молдалар марапатталды.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін