«ЖАСТАР ІСІ» СЕКТОРЫНЫҢ ӨКІЛІ БАЛАЛАР ҮЙІН ЗИЯРАТ ЕТТІ

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша «Жастар ісі» секторының жауапты өкілі Мұсабеков Нұржігіт Оразалыұлы  шахарымыздағы психоневрологиялық медициналық әлеуметтік мекемесіндегі балалармен жүздесті. 

«Жерде жетім жыласа, көкте періште күңіренеді» дейді қазақ халқы. Шара барысында жеткіншектерге қуаныш сыйлап, сыйлықтар табыс етілді. Сондай-ақ, сектор басшыны аталмыш ғимараттың басшыларымен кездесіп, жеткіншектер тәрбиеленіп жатқан мекемеге өзінің батасын беріп, Құран бағыштады.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін