ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНЫҢ БАС ИМАМЫ «ҚҰРМЕТ» ОРДЕНІМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

Тәуелсіздік күні қарсаңында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2021-жылдың 2-желтоқсанындаы жарлығымен Қарағанды облысының бас имамы ­Өмірзақ қажы Қазкенұлы «Құрмет» орденімен марапатталды. Орденді бас имамға Қарағанды облысының әкімі Қасымбек Жеңіс Махмудұлы өз қолымен табыстады.

«Осындай марапатқа лайықты көріп мені ұсынған Қарағанды облысының әкімі  Жеңіс Махмудұлына және Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазіретке алғысымды білдіремін. Бұл ел мен дінге аянбай қызмет етіп жүрген Қарағанды облысы имамдарының ортақ марапаты әрі абыройы. Мемлекет басшысының сенімі әрі жүктеген жауапкершілігі біз үшін үлкен мәртебе. Алдағы уақытта ары қарай белсенді қызмет ете беруге, сенімді ақтауға, жауапкершілікті абыроймен атқаруға орасан зор шабыт береді деп қабылдаймыз. Барша әріптестеріме рахмет айтамын. Тәуелсіздік мерекесі құтты болсын. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Әумин!»,-деп облыс бас имамы  ризашылығын білдірді,  

«Құрмет» – Қазақстан Республикасының ордені. Ол экономиканы, әлеуметтік саланы, ғылым мен мәдениетті, білім беруді дамытуға сіңірген еңбегі, мемлекеттік органдардағы үлгілі қызметі және белсенді қоғамдық қызметі үшін азаматтар марапатталады.

Айта кетейік, Өмірзақ қажы Қазкенұлы 2013-жылдан бастап ҚМДБ-ның Қарағанды облысының бас имамының қызметін атқарып келеді.

 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін