Қарағандыда жылдық есепке арналған төралқа мәжілісі басталды (ФОТО)

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлының төрағалығымен жылдық есеп беруге ​ арналған​ төралқа жиыны басталды.

​ Жылдық төралқада облыс наиб имамдар мен қала, аудан имамдары қатысуда.

Мәжілісте Қарағанды облысына қарасты қала, аудан имамдары ​ үгіт-насихат жұмыстары, қайырымдылық іс-шаралар, діни сауат ашу курстары, түзету мекемелерінде жазасын өтеп жатқан азаматтарға түсіндіру шаралары, шариғат және пәтуа,жат ағымның арбауына кеткен жандарға үгіт-насихат жүргізу, баспасөз және ғаламтор, мешіт тазалығы, жөндеу-құрылыс жұмыстары, қоғамдық, рухани, мәдени іс-шаралар ұйымдастыру, т.б. бағыттар бойынша есеп беруде.​

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін