ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ МЕШІТТЕРІ АРАСЫНДА КІШІ ФУТБОЛДАН ЖАРЫС БАСТАЛДЫ

Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасы Қарағанды облысының бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлының тапсырмасымен облыс мешіттері арасында   кіші футболдан  жарыс басталды.

Жылдағы дәстүрге сай облыс мешіттері арасында салауатты өмір салтын насихаттау,  бұқаралық спортты дамыту мақсатында ұйымдастырылған жарыс Жаңаарқа ауданында өз жалғасын тапты.

Сайысқа ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы арнайы қатысып, ойыншыларға сәттілік тіледі.

 Өткізілген шараның негізгі мақсаты салауатты өмір салтын жамағат арасында жоғары деңгейде жүзеге асырып, сонымен қоса жамағаттың ауызбіршілігіне үлкен үлес қосу.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін