«Төлеутай ата» мешітінде Мәуліт кеші өтті (фото)

Қарағанды облысына қарасты Әлихан Бөкейхан ауданы  «Төлеутай ата» мешітінде сүйікті пайғамбарымыз туылған Рабиғ әл-әууәл айының құрметіне орай Мәуліт мерекесі  ұйымдастырылды. Жамағатқа есігін айқара ашқан құлшылық ордасын бүгін Пайғамбарымызға деген сағыныштан туындаған салауат кернеп, Мәуліт мерекесінің мәртебесі асқақтай түсті.    Айтулы мерекеге айрықша дайындалған мешіт қызметкерлері бұл айтулы күні жамағатқа ерекше сый-құрмет көрсетті. Екі дүние сардарының әрбір әрекеті мен сөзінен рухани нәр алып, пайғамбарымызды (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) шынайы жақсы көрудің қаншалықты маңызды екендігі де көркем түрде жеткізілді.  Аталмыш іс — шараға қаламыздың имамдары, ұстаздары мен дін қызметкерлері, жамағаты, кештің құрметті қонақтары қатысты. Алдымен мешіт имамы Мусин Сайлау Жұмағұлұлы   аймақ  тұрғындарын Мәуліт мерекесімен құттықтады. Бұдан кейін Бәрзәнжи мәулітін оқып, Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сәлем-салауаттар жолданды. Шара барысында  «Төлеутай ата» мешітінің имамы Мусин Сайлау Жұмағұлұлы  Пайғамбарға ( с.а.у ) деген сүйіспеншілік жайлы уағыз айтып, екі дүние сардарының әрбір әрекеті мен сөзінен рухани нәр алып, пайғамбарымызды (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) шынайы жақсы көрудің қаншалықты маңызды екендігі де көркем түрде жеткізді.  Мәуліт кешіне қатысушы жамағатқа Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өміріне қатысты сұрақтар қойылды. Кеш соңында арнайы Мәуліт кешінің құрметіне жайылған дастархан басында  Құран оқылып еліміздің амандығы мен тыныштығы үшін дұға жасалды.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін