ДӘСТҮРЛІ ЖИЫН ҚАЛАЛЫҚ ӘКІМДІКТЕ ЖАЛҒАСТЫ

Қарағанды қалалық әкімдігінің ұйымдастыруымен «18-қазан Рухани келісім күніне» орай дәстүрлі жиын өтті. Шараға  Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары  Нұрлан Бикенов, ҚМДБ-ның Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің наиб имамы Мұсабеков Нұржігіт Оразалыұлы және аймақтың дін өкілдері мен сарапшы мамандар қатысы. Дөңгелек үстел барысында қатысушылар мен сарапшылар  қоғамды ұлты мен дініне қарамастан біріктіруге, тұрақтылық пен келісімді сақтауға және одан әрі дамытуға бағытталған ұтымды пікірлері мен орамды ойларын ортаға салды.
Азаматтарды ортақ рухани-адам­гер­шілік құндылықтарға топтастырып, қоғамда бейбітшілік пен тұрақтылық, толе­ранттық, рухани келісім идея­ларын насихаттауға бағытталған кон­ференция алаңында тұшымды пікір­лер айтылып,  маңызды мәселелер көтеріл­ді. Қатысушылар  дәстүрлі жиын­да келесі жылы да басқосуға уағдаласып тарқасты.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін