Теміртау қаласында «Адамзаттың абзалы» атты рухани Мәуліт кеші өтті

Теміртау қаласының «Әлихан Бөкейхан» атындағы орталық мешітінің ұйымдастыруымен “ Адамзаттың абзалы “ атты рухани Мәуліт кеші өтті.

 Рухани іс-шара шымылдығын наиб имам Асхат Нұртайұлы қасиетті Құран аяттарымен ашты.

 Алғы сөзді алған Қарағанды облысының бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы Мәуліт айының келуімен қала тұрғындарын құттықтап, Алла елшісінің (с.ғ.с.) өнегелі өмірі жайлы уағыз айтты. Осыдан кейін жергілікті ақсақалдар алқасының төрағасы Шынуар Серікбайұлы құттықтау сөз сөйледі.

 Алланың берген ақындық қабілетін имандылықпен байланыстырған Әсет және Мұқағали сынды дәстүрлі әншілер терме орындаса, «Бала қажы» мешітінің наиб имамы Сұлтан Аманжолов пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) құрметіне Мәуліт оқыды.

 «Әл-Машани» мешітінің бас имамы Қошкелді Жанболаттың уағызынан кейін, көрермендерге арналып викториналық сұрақтар қойылып, екі дүние сұлтанының (с.ғ.с.) ғұмырына қатысты сауалдарға жауап берген жамағатқа арнайы сыйлықтар берілді.

 Шарапатты мәуліт мерекесіне келген жұртшылық ерекше әсерге бөленіп, өздерінің толқыныстарын жасыра алмады.

 Кеш соңында Теміртау қаласының бас имамы Естай Айтуғанұлы ұйымдастырушылар мен кеш қонақтарына алғысын білдіріп, рахметін айтты.

Бұдан бөлек мешіттің іс басқарушысы Бағдат Есіркепұлының және шаруашылық меңгерушісі Нұржан Тоқтарбайұлының еңбектері еленіп, шипажайға жолдама берілді.

© 2009-2022, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін