СӘТПАЕВ: «Қайырымдылықта-қайыр көп»

Ислам діні жақсылық жасауды, өзара жәрдемдесуді әрі рухани әрі материалдық қырынан жан-жақты қолға алып, оны діни-моральдық жауапкершілік ретінде бекіткен. Құран Кәрімнің көптеген аяттары мен Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадистерінде бұл анық көрініс тапқан. Алла Тағала:«Сендер адамдардың арасынан шығарылған қайырлы үмбет болдыңдар..» (Әли Имран, 110) деп, мұсылмандарды жақсылық жаршылары ретінде сипаттап, ұдайы жақсылық жасауға шақырған.                                                   

 Осы орайда,  Сәтпаев қаласына  арнайы іс-сапармен келген ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Өмірзақ қажы Бекқожа және «Әнет баба» мешітінің ұстазы Нұрбол Әділмұрат қасиетті жұма кұні  «Балмағамбет Балқыбайұлы» мешітінің ұйымдастыруымен «Қайырымдылықта-қайыр көп» атты қайырымдылық акциясына қатысып, жергілікті көмекке мұқтаж жиырма отбасына  азық-түлік толы дорба үлесірді. Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Жылы сөз де садақа», – деген.Исламды қайырымдылық пен мейірімділік, жақсылық тан тыс қарастыру мүмкін емес. Жақсылық жасау адамның күнәларының өтемі саналады. Сондықтан мұсылмана баласы ұдайы жақсылық жасаудың соңында жүреді. Осындай берекелі һәм сауапты істі жүзеге асырып, бас қасында жүрген мешіт имамы Ақпаров Қондыбай имамға және ат салысқан жамағат пен жомарт жандарға облыс бас имамы өзінің алғысы мен ризашылығын білдірді. Мешіт жамағатымен бірлесіп атқарар игі іс аталмыш мешітте мұнымен тоқталмақ емес.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін