САТПАЕВ:ОБЛЫС БАС ИМАМЫ ЖҰМА НАМАЗЫН ӨТКІЗДІ

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойына бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы Сатпаев қалалық «Балмағамбет Балқыбайұлы» мешітінде жұма намазын өткізді.

 Пайғамбарымыздан (с.ғ.с) жеткен бір хадисте былай делінген: «Күндердің ең абзалы – жұма күні. Бұл күні Адам атамыз жаратылған. Және осы күні жаннатқа кіргізілген. Әрі осы күні одан шығарылған. Қиямет те осы жұма күні болады».

Облыс бас имамы мешітке жиылған жамағатқа уағыз-насихат айтып, жергілікті жамағатпен тілдесіп, жұрттың көкейіндегі сауалдарға жауап берді. Алла Тағала барлығымызға мызғымас иман, пайдалы iлiм, адал ризық, таза жүрек берiп, екi дүниеде де ізгі пенделерiнiң қатарына қосқай! Әмин!

 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін