Қарағанды облысының дін қызметкерлеріне сертификат табысталды

Қарағанды облысының дін қызметкерлеріне сертификат табысталды
 
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша өкілдігінің ұйытқы болуымен өткен біліктілікті арттыру семинарының сертификаттарын табыстау рәсімі өтті.
 
ҚМДБ-ның Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай қажы Құрбанұлының «Усулул фиқһ» кітабынан өткізген семинарына қатысып, дәріс барысында белсенділік танытқан дін қызметкерлеріне Қарағанды облысының бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы арнайы сертификаттар табыс етті.
 
Өмірзақ қажы Қазкенұлы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен имамдардың кәсіби біліктілігін дамытуға ерекше көңіл бөлініп жатқанын тілге тиек етіп, осындай іс-шаралардың маңыздылығын атап өтті.
 
Іс-шара соңында жергілікті имамдар семинарды ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін