«ҮМІТКЕР» АУЫЛЫНДА ЖАҢА МЕШІТТІҢ ҚАЗЫҒЫ ҚАҒЫЛДЫ

ҚМДБ-ның Қарағанды облысына қарасты Бұқар жырау ауданы, «Үміткер» ауылының жамағаттары қуанышқа бөлеген жағымды жаңалық жетті.

Жаңа мешіттің алғашқы қазығы қағылып, тарихи шара орын алды. Рәсімде ҚМДБ-ның Қарағанды бойынша өкіл имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы, облыстық «Әнет баба» мешітінің наиб имамы Хумар Қоныскерей,  аудан имамы Акошев Рүстем Мұратұлы, ел ағалары, мен ауыл ақсақалдары қатысы. Мешіттің алғашқы іргетасын қалаған облыс бас имамы игі шарада Құран оқып, дұға жасап, ақтілегін білдірді.

Ислам дінінде мешіт салған адамға о дүниеде де сарай салынатыны айтылады. Ертеңгі күннің қамын ойлап, мешіт салуды ұйғарған абзал жандарға тек жақсылық тілейміз. 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін