«ЖАҚЫП АҚБАЙ» МЕШІТІНІҢ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

Алланың ризалығына жетелейтін жол Ислам шариғатында жатыр. Соның бірі – имам Мүслимнен келген хадисте кездеседі. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) айтқан: "Алла Тағалаға қаланың өте жақсы орындары – мешіттері."– дейді. Мешіттің қабырғасынан  діни уағыз тыңдап, білімін жетілдіріп, сауатымды арттырамын, ұстаздан тәлім аламын деген мұсылмандар үшін – тәлім мен тәрбие ордасы. Сондай-ақ мешіт – мұсылман баласының қажетті дұға-тілектерін бір Алла Тағаладан ғана сұрайтын, пенделік қателіктері үшін кешірім сұрап, тәубеге келер мекені. Осы орайда, Қарағанды облыстық "Әнет баба" мешітінің наиб имамы Құмар Қоныскерей, Мұсабеков Нұржігіт Оразалыұлы, облыстық «Әнет баба» мешітінің іс-басқарушысы Исатай Ельнар Дурускелдіұлы «Жақып Ақбай» атындағы Теміртау қалалық мешітіндегі жөндеу жұмыстарының жүргізілу барысымен танысып қайтты.  Берекелі істің басы-қасында жүрген Теміртау қаласының имамы Естай Айтуғанұлы облыстан келген қонақтарға мешіттің қазіргі тыныс-тіршілігімен таныстырып, жөндеу жұмыстарының қазіргі ахуалын пысықтады. Алла үйін салған адамдарға қатысты Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) өз хадисінде былай дейді: «Кім жер бетінде Алланың үйін салуға ат салысса, Алла Тағала ол кісіге жұмақтан орын дайындайды». Ислам тарихында мешіт салу – барша пайғамбарлар шұғылданған қадірлі іс болған.

 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін