АБАЙ АУДАНЫНДА «ИХСАН РУХАНИ ТӘРБИЕ НЕГІЗІ» КІТАБЫНЫҢ ТАНЫМЫ ӨТТІ

Қарағанды облысы, Абай ауданы орталық мешітінде ҚМДБ-ның төрағасы Бас Мүфти Наурызбай Қажы Тағанұлы хазреттін жетекшілігімен жарыққа шыққан "Ихсан рухани тәрбие негізі" кітабының танытылымы өтті. Аталмыш шараға Абай қаласы әкімі М.А Ахметов, Абай аудандық маслихат хатшысы Д.М.Сакенов, Қарағанды облысы орталық мешітінің ұстазы Ихсан бағыты бойынша жауапты өкілі  Рымкулов Султан, Абай ауданы бойынша бас имам Аманбол қажы Рымқұлұлы және ауданға қарасты ауыл имамдары мен қоғам қайраткерлері ақын жазушылар,ақсақалдар қатысты. Игі шара әлеуметтік желілер бағыты бойынша да тікелей эфирде өтті. Бас Мүфтидің жетекшілігімен жарық көрген кітаптың құндылықтарын түсіндіру үшін алғашқы сөз алған Қарағанды облысы "Әнет Баба" мешітінің ұстазы "Ихсан бағыты" бойынша жауапты өкілі Рымкулов Султан баяндама жасады. Өз кезегінде Абай ауданы маслихат хатшысы Данияр Мерғалиұлы құнды кітаптан алған ойымен бөлісті. Сонымен қатар бұл кітаптың әр адамның жанында болу керек кезінде пайдаланатын таптырмас құрал екендігің жеткізді. Абай қаласының әкімі Медеу  Әрінұлы Қарағанды облысы өкілдігінен келген мәртебелі қонаққа және қатысушы қауымға алғыс білдірді. Жаңа кітаптың тұсаукесер сәтіне куә болған қауым рухани байлыққа кеңеліп әсер алып қайтты

 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін