«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» АКЦИЯСЫ СӘТБАЕВТА

Қарағанды облысына қарасты Сәтбаев қаласы  «Балмағамбет Балқыбайұлы» мешітінің ұйымдастыруымен «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті.
Игі шара барысында 30-ға жуық әлеуметтік аз қамтылған, көпбалалы отбасыларға және жалғызбасты аналардың балаларына мектепке қажетті құрал-жабдықтары бар сөмкелер үлестірілді.Ұйымдастырушылар қайырымдылық акциясына атсалысқан қолы ашық, жомарт жандарға ризашылығын білдірді.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін