ТЕМІРТАУДА «МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

Теміртау қаласының Әлихан Бөкейхан атындағы орталық мешіті 50 баланы жаңа оқу жылына дайындады
 
Теміртау қаласының «Әлихан Бөкейхан» атындағы орталық мешіті дәстүрлі «Мектепке жол» қайырымдылық акциясына үн қосты.
 
Теміртау қаласының бас имамы Естай Айтуғанұлының ұйытқы болуымен жүзеге асқан іс-шара барысында жергілікті әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардан шыққан 50 оқушыға оқуға қажетті құралдар салынған мектеп сөмкелері үлестірілді.
 
«Жаңа оқу жылы жақында басталады. Осыған байланысты мектеп табалдырығын аттап, білім жолына түскелі жатқан балаларға қуаныш сыйлауды жөн көрдік. Аталмыш іс-шараға демеуші болып, қолдау көрсеткен барша азаматтарға алғыс білдіреміз. Баршаларыңызға Алла разы болсын!», деді Естай Айтуғанұлы.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін