«Hani cakes & coffee» кондитерлік өнімдерінің екінші нүктесі сертификатталды

«Hani cakes & coffee» кондитерлік өнімдерінің Шахтеров даңғылындағы екінші нүктесі  «ҚМДБ халал» сертификатына ие болды. Кондитерлік өнімдерімен қатар ыстық астың әртүрлі нұсқасын әзірлейтін мекеме «Халал өнімдерді өндіруге, өңдеуге, дайындауға, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы стандарт» талаптары бойынша сертификатқа ие болды. Өнімдерді дайындауда қолданылатын тағамдық қоспалар мен шикізат көздері технолог мамандар тарапынан тексерілді. Арнайы сертификатты Халал Даму ЖШС-ның Қарағанды облысы бойынша жауапты өкілі Абдрахманов Ысқақ Рахимбекұлы табыстап, мекеменің алдағы кәсібіне сәттілік тіледі. «Шакабаев М.Р» кәсіпорнына тиесілі «Hani cakes & coffee» тәтті өнімдерін Қарағанды қ. Шахтеров даңғылы 52а  мекен-жайынынан ала аласыздар! «Hani cakes & coffee» кондитерлік өнімдерінің «ҚМДБ халал» стандартына толықтай сай екендігін хабарлаймыз!

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін