Қарағанды:МКҚБ 1 ПБ жеке құрамында кездесу өтті

Бүгін Қарағанды облысы МКҚБ 1 ПБ жеке құрамында «Көркем мінез», «суицид», «сабырлық» тақырыптарына байланысты кездесу болып өтті.

Шараға ҚМДБ-ның Қарағанды  облыстық «Әнет баба» мешітінің наиб имамы Хумар Қоныскерей қатысып, мекемеден арнайы қатысқан мамандарға асыл  дінімізде көркем мінездің алар орны мен төзімділікке қатысты уағыз-насихатын айтты. Сонымен қатар, өз-өзіне қол салудың тозаққа апарар ауыр күнә екендігін жеткізіп, ондай жағдайларға алып баратын мәселелер жөнінде айтып өтті. Және мұндай мәселелерден құтылудың бірден-бір жолы – имандылық екенін тілге тиек етті.

Сондай-ақ, қатысушылардың тарапынан қойылған бірнеше сұрақтарға жауап берді.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін