АБАЙ АУДАНЫНЫҢ ИМАМЫ ЖАҢА МЕШІТТІҢ ҚҰРЫЛЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Қарағанды облысына қарасты Абай ауданының имамы Аманбол қажы Рымқұлұлы аталмыш ауданға қарасты   Жұмабек ауылында салынып жатқан мешіт құрылысына басқару бақылау бағыты бойынша барып, бүгінгі күннің құрылыс барысымен танысты. Мешіт құрылысында аянбай еңбек етіп жүрген құрылысшылармен кездесті. Ғимараттың құрылысын жүргізіп, басы қасында жүрген   Нұрдәулет есімді азамат  ауданнан арнайы  келген   имамға мешіттің ішкі және сыртқы жұмыстарын таныстырды.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін