«Әнет баба» мешітінде жұма намазы оқылды

Бүгін Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде санитарлық талаптар сақтала отырып Жұма намазы оқылды.

 Жұма намазына ҚМДБ –Қарағанды облысы бойынша бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы арнайы жүргізіп, жамағатқа қасиетті Қадір түні жөнінде қысқаша уағыз айтты. Сондай-ақ карантин ережелеріне сәйкес жұма намазын оқу тәртбіне түсіністікпен қарап, қоғам денсаулығы мен қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға шақырды. Карантин талаптары сақталып, құлшылық мешіт ауласында атқарылды. Талапқа сай арақашықтық сақталып, жамағат өздері әкелген жайнамазда және арнайы жайылған кілемшелерде намаз оқыды. Намаз соңында еліміздің амандығы мен жеріміздің тыныштығын тілеп дұға жасалды. Жамағатын сағындырған жұма намазының суреттерін төмендегі фотоайдардан тамашалай аласыздар.

 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін