Жедел жәрдем қызметкерлеріне «Ауызашар қоржыны» жеткізілді

Ел үшін ерен еңбектің үлгісін көрсетіп жүрген  жедел жәрдем қызметкерлеріне Қасиетті Рамазан айында «Ауызашар қоржыны» атты қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды. Қайырлы һәм сауапты шара ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша «Зекет» қайырымдылық қоры және «Жастар ісі» секторының ұйымдастыруымен жүзеге асты.   Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) кезекті бір хадисінде : «Егер кімде-кім Рамазан айында адал табысымен ауызашар берсе, періштелер Рамазан айының соңына дейін оған дұға жасайды», – деген. 
Адам өміріне  араша түсіп, ұлт денсаулығы жолында орасан қызмет атқарып жүрген жедел жәрдем қызметкерлеріне жасалған жақсылық мұнымен тоқталмақ емес. Рамазан айының әр күні жалғасып жатқан шарапатты шара қасиетті айдың соңына дейін жалғаспақ. Ендеше, Алла Тағаланың разылығы жолында атқарылып жатқан барлық игі істеріміздің сауабын Ұлы Жаппар иеміз еселеп жазғай!

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін