Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

«Жетім көрсең жебей жүр» атты қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды
23 сәуір, 2021 жыл 501 Басып шығару нұсқасы

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша «Зекет» және қайырымдылық қоры мен «Жастар ісі» секторы  қасиетті Рамазан айының  қарсаңында «Жетім көрсең жебей жүр» атты қайырымдылық акциясы қарсаңында шахарымыздағы «Таңшолпан» балалар үйі» комуналдық мемлекеттік мекемесіндегі балаларды зиярат етті. «Жерде жетім жыласа, көкте періште күңіренеді» дейді қазақ халқы. Сауапқа толы, һайырлы айда өткен берекелі шарада балалар үйінде тәрбиеленіп жатқан 84 жеткіншектерге «Ауызашар қоржыны» үлестіріліп, тәтті базарлықтар мен сыйлықтар табысталды.  

Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) ұлағатты сүннет қазынасында жетімдердің жайын ойлауға жігерлендіретін хадистер өте көп. Солардың кейбіреуінен мысал келтірейін.  Бір жетім дастарханда елмен бірге отырса, дастарханына пәле жоламайды; Құл мен жетімдерге көмек еткен кісі, Алла жолында соғысқан немесе күндіздерде ораза ұстап, түндерде ғибадат еткен кісі сияқты; Кім Алла ризалығы үшін бір жетімнің басынан сипаса, оның қолы тиген әр тал шашы сайын жақсылық болады.   Жетімдерге қамқорлық жасау әрбір саналы мұсылман жанның міндеті.
Алла баршамызға сауапты істерді жасауға нәсіп етсін! Әмин.

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары