Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Рухани ілім дәрежесі
22 сәуір, 2021 жыл 265 Басып шығару нұсқасы

Аса қамқор ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын! 

Әр заманның ұрпаққа қояр өз талабы, өз міндеті бар. Ел мәдениетінің, мемлекеттің жүйелі түрде дамуы ұрпақтың уақыт талабына икемделуінсіз жүзеге асқан емес. Ұлттың тарихи санасының қалыптасу негіздерінің өзінде уақыт талабына бейімделу, мәдени ортаны қалыптастыруға деген ұмтылысы жатыр. Рухани жетілген адам - тән емес, жан азығын қамдаған адам.  Әрбір пайдалы ілім – ұмтылуға лайық болғанның ішіндегі ең жақсысы. Сонымен бірге, ілімнің құндылығы - оның мәнін  ашатын нұсқауының құнды болуында жатыр. Шариғи ілімнің нұсқауы – ол Қасиетті Құран мен Пайғамбар оған Алланың игілігі мен сәлемі болғай, сүннеті.

  Ілім алу – кемшіліксіз жүзеге асу үшін ол ерте, балалық кезден бастау алып, пенденің көз жұматын сәтіне дейін жалғасуға тиіс болған, өз алдына ұзақ жұмыс. Алайда, егер сіз, оның маңызын біраз жасқа келіп барып ұғынған болсаңыз, ол да сізге тосқауыл емес. Алладан пайдалы ілім, сол ілімге ілесуге көмек күшін, еш пайдасы жоқ ілімнен бізді сақтауын сұраймыз.

Ислам – рухани ілімнің негізі. Ұлттың ғасырлар бойы қалыптасқан рухани құндылықтары дін қағидаларымен үндесіп жатыр. Дін дегеніміз тек сенім жүйесі емес, ол – өмір сүру мәнері, қарым-қатынас әдебі, моральдық нормалар жиынтығы, жақсы мен жаманды, адал мен арамды ажыратушы рухани қағидалар жүйесі. Сондықтан, дін мәселесі – руханият мәселесі. Дінді руханият негізі ретінде қарап, оның жасампаз құндылықтарын, рухани әлеуетін басты назарға алғанымыз жөн.  Қоғамды жақсылыққа бастайтын адами құндылықтың бірі – бірлік пен ынтымақ. Ауызбіршілік қашқан, алауыздық күшейген қоғамда адамгершілік құндылықтар жойылады. Ал, осы адамгершілік құндылықтар мен ынтымақ-бірліктің бастау бұлағы – асыл дініміз Ислам екені белгілі. Қазақ елі өз егемендігін жариялағалы халқымыздың руха­ни қазынасының та­ри­хи та­мыр­ла­ры­на, олардың ішінде жалпы адамдық құндылық – дінге деген қызығушылық, ын­та мен ықыласы артып келеді. Өйткені, дін адамның бойындағы адамгершілік, имандылық қасиеттердің қалыптасуын көздейді.

        Жас ұрпақтың иманды, ибалы, тәрбиелі болуы мемлекеттің беріктігін, оның гүлденуін айқындайды. Сондықтан, бүгінгі-ертеңгі ұлт дидарының қандай болмағы әрқайсымыздың бүгінгі іс-әркетімізге байланысты. Қазіргі жастарға осыны жете түсіндіруіміз өте маңызды. Халқымыздың сан жағынан көбейіп, сапа жағынан тұрақтауы – міне, рухани ілімнің дәрежесінің көтерілгенің көрсетіп, осы ақиқатқа тікелей тәуелді болмақ.

 

Жаңаарқа ауданы

«Халық» мешітінің

Бас имамы            А. Қанай

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары