Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Қарқаралы ауданы: Жетім балаларға көмек көрсетілді
19 сәуір, 2021 жыл 477 Басып шығару нұсқасы

Қасиетті Рамазан айының қарсаңында  мешіттерде барлық бағыттар бойынша жұмыстар қарқынды жүргізіліп келеді. Соның бірі – қайырымдылық.

Қарағанды облысына қарсты Қарқаралы ауданы, Қоянды ауылында берекелі шара өтті. «Жерде жетім жыласа, көкте періште күңіренеді»,-демекші, аталмыш аймақтағы ата-ананың қамқорлығынан айрылған, мейірім мен көмекке мұқтаж жеткіншектерге қайырымдылық көрсетілді. Қарқаралы аудандық «Құнанбай қажы» мешітінің имамы Митератбек Құбылайхановтың арнайы баруымен балалар үйіне азық-түлік жеткізілді.

 «Шын мәнінде, амалдар ниетке байланысты. Расында, адамға ниет еткені тиесілі», – деген тағылымды хадис бар. Жақсы ниет жақсылыққа жетелейді. Осы орайда, қайырымды жандардың демеушілігімен іске асқан шара барысында барша жомарт жандарға шексіз алғысымызды білдіреміз.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары