Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

«Мұрат ата» мешітіне бақылау-басқару жұмысы жүргізілді
08 сәуір, 2021 жыл 394 Басып шығару нұсқасы

Дін халқымыздың басты құндылығы және ел дәулетінің алтын діңгегі.  Бүгінде облысымыздың әр түкпіріндегі мешіттер  асыл дініміздің өркендеп, ел іргесінде кеңінен құлаш жайып өркендеуі үшін өзіндің үлесін қосу үстінде. Осы ел игілігі үшын қызмет етіп жатқан мешіттердің тыныс-тіршілігіне бақылау жұмыстарын жүргізу мақсатында, ҚМДБ-ның Қарағанды облысының наиб имамы Хумар Қоныскерей және аудан имамы Акошев Рүстем Мұратұлы  облысымызға қарасты Бұқар Жырау ауданы Тегіс жол ауылы «Мұрат ата» мешітіне арнайы барып, бақылау-басқару жұмыстарын жүргізді. Қызметтік сапар барысында аудан имамы аталған мешіттерді толықтай аралып, дін қызметкерлерінің жұмыс барысын пысықтап, зерделеу жұмыстарын жүргізді. Мешіт алдағы келе жатқан қасиетті рамазан айына сақадай сай. Тазалық жұмыстары жоғары деңгейде, әрі шәкірттерге арнайы дәріс беруге барлық жағдай қарастырылған. Облыстан келген наиб имам аталмыш айматың қызмет барысына өзінің оң бағасын беріп, алдағы қызметтеріне сәттілік тілеп қайтты.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз  қызметі

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары