Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Үштөбедегі жаңа мешітке «Қажыбай қажы» есімі берілді
07 сәуір, 2021 жыл 69 Басып шығару нұсқасы

Мешіт салу пайғамбарлардан қалған асыл іс. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.): «Алла Тағалаға қаланың өте жақсы орындары – мешіттері. ..», – дейді. Мешіт – мұсылманның Жаратушысына құлшылық жасап, тәубеге келер, жанына жара салған хакім Абай айтқандай «қияметшіл дүниенің» кірінен тазарып, бар арман, үмітінің ақталуын тілеп, дұға жасайтын қадірлі үйі. Ал, мешіттің қабырғасынан діни уағыз тыңдап, білімін жетілдіріп, сауатымды арттырамын, ұстаздан тәлім аламын деген мұсылмандар үшін – тәрбие ордасы. Аз ғана уақыттың ішінде Қарағанды облысында бірқатар мешіттердің құрылысы басталып,  бой көтерді. Жомарт жандар мен жамағаттың ат салысуымен тұрғызылған Алла үйіне еліміздің тұғыры биік тұлғаларының есімі беріліп жатыр. Бұл әрине, қуантарлық жәйт. Дәл осындай игілікті іс Қарағанды облысына қарасты «Үштөбе» елдімекенінде жүзеге асты. Аталмыш аймақта берекелі аяқталған мешітке Қажыбай қажы Мәндібайұлының есімі берілді. Қасиетті мекенге бабамыздың есімін берудің де өзіндік үлкен мәні мен себебі бар. Кешегі кеңестік солақай саясаттың дін мен ділден, туған тілден айырған шағында  жүрегіндегі ең ыстық сезім – Ұлы Жаратушының бар екеніне сенуден, танудан тайынбау қаншалықты қиын соққанмен, сағы сынбаған жандар болмай қалмаған. Алла Тағала алдында ой дүниесі тазалығын аялап, ғұмырын шариғат жолына ғибадат жасауға бағыштап, имандылыққа ілтипатты жамағат кеудесіне шынайы мұсылмандық ақидасын сеуіп өтуші Қажыбай қажы Мәндібайұлы – осындай киелі кісі еді. Дін-ислам жөніндегі негізгі таным-түсініктерді жамағат көңіліне қонымды қондыру үшін діни ережелерді, ораза, айт кестелерін жер-жердегі діндарларға «Мүбәрак қолдарыңызбен таратыңыздар, халықты дін жолына шақырыңыздар» деп хаттар жазып, жіберіп отырған. Өмірінің соңына, сексен жасқа дейін 20 жыл Қарағанды мешітінің аймақтың бас имамы болды. Ғұламаның екінің бірі зерделей бермейтін еңбектерін ұғыну, тоқуы – «Жүректің көзі ашылса, хақтықтың түсер сәулесі. Іштегі кірді қашырса, Адамның хикмет кеудесі» дейтін Абай сөзін еске түсіреді. Алладан жіберілген қасиетті Кітап аяттарын жүрек тазалығымен қабылдап, ғылымдардың шырағын жағу құдіретіне ғибадат етіп, ардақтаған ұлы данышпанды қадір тұтуы да осыдан болса керек. Осы орайда, бабамыздың есемі берілген жаңа мешіттің сырты нұрға, іші жүрегі алла деп соққан жамағатқа толы болғай! Әмин !

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары